Израиль әлемдік санкциядан 31 млрд доллар зиян шекті
(last modified Sat, 30 Jan 2016 16:11:34 GMT )
Қаң 30, 2016 22:11 Asia/Almaty
  • Израиль әлемдік санкциядан 31 млрд доллар зиян шекті

Сионистік режимнің этникалық қауіпсіздікті зерттеу орталығының төрағасы Израильдің әлемдік санкциялардан 31 млрд доллар зиян шеккенін хабарлады.

Палестина ақпарат тарату орталығының хабарлауынша, Сионистік режимнің этникалық қауіпсіздікті зерттеу орталығының төрағасы Амос Ядлин: «Таяу Шығыста Израильге қауіп төндіруші ең үлкен үкімет ««Facebook» үкіметі» болып табылады. Осы желіде баршаны сионистік тауарларға бойкот жариялауға және сионистік қалашықтарға қаржы салудан бас тартуға шақырады. Түрлі елдер израильдік тауарларға санкция салу тобын құру арқылы Палестинаның жаулап алынған жерлерінде сионистік режимнің басқыншылығының доғарылуы мен палестиналықтарды ресми тануға мүдделілік танытып отыр. Осы мәселе сионистік режим қайраткерлерін санкциялардың қанат жаюына байланысты алаңдатып отыр» деді.