Әли Абдулла Салехке жасалған террор сәтсіздікке ұшырады
Йеменнің бұрынғы Президенті Әли Абдулла Салех террордан аман қалды.
Press TV телеарнасының хабарлауы бойынша, Әли Абдулла Салехке жақын бір дереккөзі сенбі күні: «Белгісіз адамдар Йеменнің астанасы Санадағы бір мешітте қолдан жасалған бомбаның көмегімен Әли Абдулла Салехке террор жасауды көздеген. Алайда оның оққағарлары террор жоспарын анықтап, оны залалсыздандырды»,-деп хабарлады. Осы мәлімет бойынша, Әли Абдулла Салехке террорды жобалаушы 8 адам бұл қастандықты орындамай тұрып құрықталды. Құрықталғандар тергеу барысында Әли Абдулла Салехке террор жасау үшін бір шет елден ірі көлемде ақша алғандарын мойындады.
Бұдан бұрын Әли Абдулла Салех 2011 жылы Йемен Президенті кешенінің мешітіне қойылған бомбаның салдарынан жараланған болатын. Сол жарылыста 6 күзетші қаза тапты.