Иран Алжирмен қарым-қатынастарын кеңейту үшін шынайы ерік-жігерге ие
ИИР президентінің бірінші орынбасары Теһранның Алжирмен екіжақты серіктестіктерді кеңейтуге әзірлігін хабарлады.
ИИР президентінің бірінші орынбасары Исхақ Джаһангири Теһранда Алжирдің Қуат министрі Нуреддин Бутерфамен кездесуде Алжирмен қарым-қатынасты кеңейтудің ИИР басшыларының барлық деңгейлері ие шынайы саяси ерік-жігер екендігін мәлімдеп: "Теһран-Алжир қарым-қатынастарының үдерісі Иран ислам революциясынан кейін даму жолына түсті. Екі елдің жоғары деңгейлі басшыларының өзара сапарлары мен екі елдің кеңесулері екіжақты байланыстарды кеңейтуде маңызды және әсерлі рөл атқарды» деді.
Алжирдің Қуат министрі де «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейін Иран мен Алжир серіктестіктерін әсіресе экономика саласында арттыру үшін кең ауқымды негіздің дайындалғанын мәлімдеді.