Құдста палестиналық бір жігіт шәһид болды
Сионистік режимнің басып алынған Құдстағы палестиналық босқындардың лагеріне жасаған шабуылында бір палестиналық жігіт шәһид болды.
«Әл-Хадс» телеарнасының мәліметінше, сионистік режим әскерилерінің Йордан өзенінің батыс жағалауындағы Шаафат лагеріндегі екі палестиналыққа оқ атып, соның салдарынан олардың біреуі шәһид болып, екіншісі жарақат алды.
Сионистік режимнің әскерилері екі палестиналықтың екі израильдік әскериді көлікпен басу талпынысына реакция білдіріп, оларға қарай оқ атқаны туралы уәж айтты.
Сионистік әскерилер өткен жылдың қазан айында Құдс интифазасы басталғаннан бері 235 палестиналықты қаза етті.
Газа секторында өмір сүретін палестиналықтар палестиналық тұтқындарды қолдап, БҰҰ кеңсесінің алдына жиналып, халықаралық ұйымнан сионистерге қысым көрсетіп, палестиналық тұтқындардың мәселесін шешуді талап етті.
Палестинаның Исламдық жиһад басшыларының бірі Ахмад әл-Модалел сионистік режимнің абақтыларында палестиналық тұтқындардың санының артуына тоқталып, Палестинаның қарсыласу қозғалысының тұтқындарды азат ететін ықтиярға ие екендігін айтты. Израильдің абақтыларында бүгінгі күні 7 мыңнан астам тұтқын нашар жағдайда күн кешуде.