Палестиналық бес мыңнан астам тұтқын аштық жариялады
Қыр 07, 2016 09:49 Asia/Almaty
Сионистік режимнің түрмелеріндегі бес мыңнан астам тұтқын сотсыз немесе ешбір айыпсыз түрмеде жатқан палестиналық тұтқындармен өздерінің бірліктерін жариялап, аштық жариялады.
Сионистік режимнің түрмелеріндегі тұтқындарға қолдау танытып, аштық жариялау шешімімен бір мезгілде Палестина тұтқындарының ісін қарастыру комитеті аштық жариялағандарына екі айдан асқан ағайынды Мохаммад пен Махмуд Балдулдің мүшкіл жағдайына қатысты ескерту жасады. Палестинаның адам құқығын қорғау мекемесінің мәліметтеріне сәйкес, 2016 жылдың шілде айына дейін сионистік режимнің түрмелерінде жеті мыңнан астам палестиналық тұтқын болған.
Тегтер