Нетаньяху: Қалашық салу палестиналықтармен қақтығыстың себебі емес
Сионистік режимнің Премьер-министрі палестиналықтармен қақтығыстың себебін қалашық салу емес деп атады.
«Әл-Құдс әл-Араби» газетінің хабарлауы бойынша, Беньямин Нетаньяху сәрсенбі күні Нидерланды Парламентінің өкілдерімен кездесуінде палестиналықтармен қақтығыстың негізгі себебін Иордан өзенінің батыс жағалауында қалашық салу емес деп атап: «Бұл қақтығыстың себебі палестиналықтардың еврей ұлтының мемлекеті Израильді ресми түрде тануға қарсылығы болып отыр»,-деді.
Нетаньяхудың бұл уәждері Палестина автономды құрылымы мен кейбір елдердің Палестина жеріндегі сионистік қалашықтарды тәуелсіз Палестина мемлекетін құруға кедергі санап отырған жағдайда айтылды.
Деректер бойынша, Иордан өзенінің батыс жағалауындағы қалашықтар мен басып алынған Құдста 600 мыңнан астам сионист тұрады.