Лаңкестер Сирияда ауыр шығын көрді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i14308-Лаңкестер_Сирияда_ауыр_шығын_көрді
Сирия армиясының қырғи ұшақтары елдің әртүрлі аймақтарындағы лаңкестердің позицияларын талқандады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 10, 2016 19:16 Asia/Almaty
  • Лаңкестер Сирияда ауыр шығын көрді

Сирия армиясының қырғи ұшақтары елдің әртүрлі аймақтарындағы лаңкестердің позицияларын талқандады.

Сирия армиясының қырғи ұшақтары сенбі күні Алеппо облысындағы Харитан, Мазаре ул-Малах пен Хан-Туманда лаңкестердің позицияларын бомбалап, бір топ лаңкестің көзін құртты. Осы шабуылда лаңкестердің пулеметпен жарақталған көліктері мен сауытты көліктерінің бірқатары жойылды. Сирия армиясының қырғи ұшақтары, сондай-ақ, елдің шығысындағы Дейр уз-Зур қаласының маңындағы ДАИШ лаңкестерінің позицияларын бомбалап, олардың қару-жарақтары мен көліктерін жоюмен қатар, ондаған лаңкестің көзін жойды.