Лаңкестер Сирияда ауыр шығын көрді
Қыр 10, 2016 19:16 Asia/Almaty
Сирия армиясының қырғи ұшақтары елдің әртүрлі аймақтарындағы лаңкестердің позицияларын талқандады.
Сирия армиясының қырғи ұшақтары сенбі күні Алеппо облысындағы Харитан, Мазаре ул-Малах пен Хан-Туманда лаңкестердің позицияларын бомбалап, бір топ лаңкестің көзін құртты. Осы шабуылда лаңкестердің пулеметпен жарақталған көліктері мен сауытты көліктерінің бірқатары жойылды. Сирия армиясының қырғи ұшақтары, сондай-ақ, елдің шығысындағы Дейр уз-Зур қаласының маңындағы ДАИШ лаңкестерінің позицияларын бомбалап, олардың қару-жарақтары мен көліктерін жоюмен қатар, ондаған лаңкестің көзін жойды.
Тегтер