Саудиялық басқыншы коалиция Йеменге әуе шабуылдарын жалғастыруда
Саудиялық басқыншы коалицияның Йеменнің Хадже облысына шабуылдары бірқатар йемендік азаматтың қаза табуына әкеліп соқтырды.
Ливанның «әл-Аһд» ақпарат сайтының хабарлауы бойынша, саудиялық басқыншы коалиция сенбі күні Йеменнің солтүстік-батысында орналасқан Хадже облысындағы бір тұрғын ауданды бомбалады. Соның салдарынан 6 йемендік азамат қаза тауып, бірнеше адам жараланды.
Осындай жағдайда саудиялық қырғи ұшақтар Йеменнің Сана облысында орналасқан Арджаб қаласындағы Бейт-Саадан ауданын бірнеше рет бомбалауы салдарынан 18 адам қаза тауып, 10 адам жараланды.
Йеменнің астанасы Сананың халықаралық әуежайы да 6 рет саудиялық қырғи ұшақтардың шабуылына ұшырады.
Йеменнің «Саба» ресми ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Йеменнің 13 облысындағы 200 туристік орталық Сауд Арабиясының шабуылдары салдарынан қиратылған. Бастапқы шығындар көлемі 2 млрд доллардан астам деп бағаланып отыр.
БҰҰ-ның гуманитарлық істер жөніндегі үйлестірушісі жуырда Йеменде 18 ай бойы жүргізілген соғыста құрбан болғандар санының шамамен 10 мың адамға жеткенін хабарлады.