Сирияның атысты тоқтату туралы жаңа келісімге қатысты позициясы
(last modified Sun, 11 Sep 2016 10:08:25 GMT )
Қыр 11, 2016 16:08 Asia/Almaty
  • Сирияның атысты тоқтату туралы жаңа келісімге қатысты позициясы

Сирия үкіметі АҚШ пен Ресей келіссөздері нәтижесінде қол жеткізілген атысты тоқтату бітімімен келісті. АҚШ пен Ресейдің араағайындығымен қол жеткізілген атысты тоқтату бітіміне Сирия үкіметі келісім берген соң Сирияның солтүстігіндегі Алеппо қаласындағы қақтығыстардың гуманитарлық себептермен тоқтатылатыны туралы болжамдар нығая түсті.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен оның америкалық әріптесі Джон Керридің Женевадағы келіссөздері барысында қол жеткізілген бұл келісімде Сирияда қақтығыстарды тоқтатуды сұрау, Алеппо қаласына гуманитарлық көмектер жіберу мәселесі қарастырылған. Бұл келісім дүйсенбі күні таңертеңнен бастап жүзеге асырыла бастайды.

Негізі атысты тоқтату бітімі әскери қақтығыстарды азайтып, тыныштық орнауына себеп болатындықтан әрдайым баршаның қолдауына ие. Сондықтан да әртүрлі елдер оны қолдады. Осындай жағдайда Сирияның дағдарысын шешуге бағытталған халықаралық талпыныстарға жақтастығын сан рет көрсеткен Сирия үкіметі осы бітіммен келісетінін жариялады.

Осындай жағдайда Сирия үкіметіне қарсылар АҚШ пен Ресей тарапынан жарияланған атысты тоқтату бітіміне әлі де ресми түрде біртұтас позиция білдіруден бас тартып отыр. Кейбір топтар ескертулер қосу арқылы шартты түрде оған келісім берді. Мұның өзі аталмыш келісімнің олар тарапынан сақталатындығына күмән тудырады.

Сирияда атысты тоқтату бітімін орнатуға бағытталған жаңа келісімнің баптарына шолу жасағанда одан кейбір кемшіліктер мен қайшылықтардың кездесетінін көруге болады. Бұлар Батыстың, әсіресе АҚШ-тың Сирия дағдарысына қатынасынан туындаған. Бұл жағдайлардың атысты тоқтату келісіміне енгізілуінің теріс әсерлері болып, атысты тоқтату келісімінің мақсаттарына жетуді сәтсіздік пен жеңіліске ұшыратуы мүмкін.  

Терроризмді «жақсы», «жаман» деп бөлу, осы бөлініс негізінде Сирия армиясы үшін лаңкестермен қатынаста шектеулер қоюдың теріс салдарлары болып, Сириядағы атысты тоқтату бітімінің ықтималды жетістіктеріне қауіп төндіретін мәселелердің қатарына жатады.

АҚШ пен Ресей келіссөздері нәтижесінде атысты тоқтату келісіміне қол жеткізу жалпы қоғамдық пікірде  Сирияда атысты тоқтату бітімін орнатудағы және текетірестерді азайтудағы Вашингтонның шынайылығына қатысты қатты күмән туындап отырған жағдайда орын алды.

АҚШ-тың Сирия дағдарысына қатысты бұрынғы амалдарының тарихы көрсеткендей,  АҚШ-тың атысты тоқтату бітімін орнатудағы қасақана әрекеттері атысты тоқтатудың шынайы ұғымына онша сәйкес келмейді. Осы мәселе Сириядағы АҚШ-ның қолдауына ие лаңкестерге өздерінің қылмыстарын жалғастыруға жағдай жасап отыр.

Осыдан бұрын АҚШ қолдайтын лаңкестік топтардың жарияланған атысты тоқтату бітімін теріс пайдаланып, Алеппоның оңтүстік-батысындағы Хан-Туман ауданын басып алуы АҚШ қатысқан атысты тоқтату келісімдеріне сенудің қажеті жоқтығын көрсетеді.

Сирияда атысты тоқтату бітімін жариялаудың лаңкестердің кең түрде жеңіліп, Сирия армиясы мен халықтық күштерінің Алеппо аймағында ауқымды жеңістерге жетуімен тұспа-тұс келуі кейбір саяси орталар тарапынан АҚШ үкіметінің атысты тоқтату бітіміне қатысты әрекетінің Вашингтонның Сириядағы лаңкестердің толық жеңіліске ұшырауының алдын алу аясында жасаған шарасы деп бағаланып отыр.

Сирия дағдарысын шешуге бағытталған атысты тоқтату бітіміне қатысты осындай қауесеттердің болғанына қарамастан, Сирия қайраткерлері елдегі қайшылықтарды тоқтату ықтималдығы зор кез-келген үдеріске жақтастығын білдіріп, өздерінің Сирия дағдарысын шешуде әскери шешім жолдарына емес, саяси шешім жолдарына жүгіну қажеттігіне негізделген позицияларына беріктігін көрсетті.