Аятолла Араки: Бахрейн режимі құлау қарсаңында тұр
Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясының Бас хатшысы:" Сауд əулетінің қолдауымен жасалып жатқан Халифе əулетінің қылмыстары мен қатігездіктері Бахрейн режимін құлдырау жолына түсіріп отыр",-деді.
Аятолла Мохсен Араки Теһранның оңтүстігіндегі Құм қаласындағы діни ғылыми орталықта бахрейндік шəкірттердің наразылық жиынында сөйлеген сөзінде ешкімнің қырағылық пен көрегендіксіз исламның байрағын жоғары ұстап тұра алмайтынын айтып: "Исламның туын биік ұстап тұру үшін жетекші сабырлы болуы тиіс. Қарсыласу дегеніміз əрдайым сабырлық пен көрегендік. Сабырлы адам жеңіске жетеді",-деді.
Шейх Иса Ғасемнің Ирандағы өкілі Абдулла əл-Дақақ осы жиында: "Бүгінде Халифе əулеті Бахрейннің жапа шеккен халқының сабырлығы алдында бұрынғыдан да əлсізірек көрініс табуда. Ислам əлемі шейх Иса Ғасемді қолдайды. Рауаяттар бойынша, сабырлық пен табандылық - Хезболланың сəттілігінің құпиясы",-деді. Бахрейн режимі 2016 жылдың маусым айында шиіттердің көрнекті дінбасы шейх Иса Ғасемді азаматтықтан айырды. Бұл амал Бахрейн мен əлем шиіттерінің арасында қатаң реакцияға ұшырады.