Қазақстанда құрықталған 3 экстремистік топ ДАИШ тарапынан басқарылған
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті:"Ағымдағы жылдың тамыз айында Қазақстанда құрықталған 3 экстремистік топ ДАИШ тарапынан басқарылған",-деп хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті: "Ағымдағы жылдың 12-30 тамызы аралығында Қазақстанда əскери күштердің арнайы амалдары барысында құрықталған 3 экстремистік топ ДАИШ лаңкестік тобы тарапынан интернет арқылы басқарылып отырған",-деп хабарлады.
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мəліметі бойынша, осы уақытқа дейін аталмыш лаңкестік топтың қаражат табу жолы анықталмаған, комитет осы мəселемен айналысып жатыр.
Аталмыш комитет құрықталған топтың ДАИШ-тың қай басшысының қолдауында болғаны жайлы мəліметтің жоқ екендігін мәлімдеді.
Қазақстан əскери күштерінің 12-30 тамыз аралығында жүргізген арнайы амалдары нəтижесінде Батыс Қазақстан облысында 10 адам, Ақтөбе облысында 11 адам, жалпы 21 адам экстремистік жəне лаңкестік əрекеттер жасауды жоспарлады деген айыппен құрықталды.
Құрықталғандардың үйінен қару-жарақ, оқ-дəрілер, есірткі заттар, пышақ, экстремистік сипаттағы жазбалар мен халықаралық лаңкестік ұйымдардың жарнамалық бейнетаспалары табылып, тəркіленді.