Анкарадағы сионистік режимнің елшілігіне қарулы шабуыл жасалды
Түркияның ақпарат құралдары Анкарадағы сионистік режимнің елшілігіне бір адам тарапынан жасалған қарулы шабуыл туралы хабарлады.
NTB телеарнасының хабарлауы бойынша Анкарадағы сионистік режимнің елшілігін күзететін полиция қызметкерлері сәрсенбі күні сол елшіліктің аумағына енуді мақсат еткен бір адамды оқ атып, тоқтатқан.
Осы мәліметке сәйкес, қолында пышағы бар шабуылдаушы полицияның бақылауындағы жерден өтпек болған кезде аяғына тиген оқтан тоқтаған.
Осман Нури Чалишкан есімді бұл адам Түркияның Конья қаласының тұрғыны деп таныстырылды.
Осы уақытқа дейін бұл адамның сионистік режимнің елшілігіне шабуыл жасауына не нәрсенің түрткі болғаны туралы мәлімет жариялаған жоқ.
Анкарадағы сионистік режимнің елшілігі Түркия қауіпсіздік күштерінің арнайы бақылауында орналасқан мекендердің бірі.