Израиль палестиналықтардың үйлерін қиратуды жалғастыруда
Сионистік режим өзінің экспансистік саясатының жалғасында жаулап алынған жерлерде палестиналықтарға тиесілі 15 ғимаратты қиратты.
Жаулап алынған Палестинадағы БҰҰ- ның гуманитарлық істерін үйлестіру бюросының мәліметі бойынша сионистік басқыншы режим Шығыс Құдс пен Иордан өзенінің батыс жағалауының өзге аймақтарында палестиналықтарға тиесілі 15 ғимаратты рұқсатсыз салынған деген желеумен қиратқан.
Израиль режимі осы үйлерді қирату арқылы 23 палестиналықты сол жерден көшіп кетуге мәжбүрледі. Осы үйлердің қиратылуымен палестиналық отбасыларға зор шығын келтірілді. Израиль өзінің экспансистік мақсаттарына қол жеткізу үшін әрдайым палестиналықтардың үйлерін қиратып, сионистік қалашықтар салу арқылы Палестинаның демографиялық құрамын сионистердің пайдасына өзгертуді мақсат етіп отыр.