Рухани: Иран Сирияға лаңкестікпен күреске көмектесуін жалғастырады
ИИР Президенті Иранның Сирияға лаңкестікпен күресуге қолдау көрсетуін жалғастыратынын қуаттады.
ИИР Президенті Хасан Рухани Сирия Парламентінің Төрайымы Хедие Халаф Аббаспен кездесуінде аймақ мемлекеттерінің, соның ішінде Сирияның территориялық біртұтастығы мен бірлігі және ынтымақтастығын қорғауды қуаттап: «Иран аймақтағы лаңкестікпен күрес және қауіпсіздік орнату саласында Сирияға көмектесуді жалғастырады»,- деді.
Рухани кейбір елдердің, атап айтқанда Йемен мен Ирак, Сирия, Ливан және Ауғанстанның дұшпанның қастандықтарына шырмалғанына өкініш білдіріп: «Басқа елдердің Сирия халқына лаңкестерді елінен шығаруға көмектесуден басқа жолы қалмады. Сирия үкіметі мен бұл үкімет қарсыластары арасындағы толық келісімге жету мақсатында өткізіліп жатқан келіссөздер тезірек нәтижеге жетер»,- деген үміт білдірді.
Сирия Парламентінің Төрайымы Хедие Халаф Аббас да: «Иран мен Сирия арасындағы қарым-қатынастар – тарихи, достық және бауырластық. Дамаск Теһранмен арадағы жан-жақты қарым-қатынастарын кеңейтуге талпыныс жасайды»,- деді. Ол Иранның Сирия халқының лаңкестікке қарсы күресіне қолдау көрсетуіне алғыс айтып: «Дұшпанның қастандықтарына қарамастан, Иран әрқашан Сирия халқының үлкен қолдаушысы болды»,- деп қуаттады.