Палестина халқын қорғау жамиғатының мәлімдемесі
(last modified Thu, 29 Sep 2016 14:07:59 GMT )
Қыр 29, 2016 20:07 Asia/Almaty
  • Палестина халқын қорғау жамиғатының мәлімдемесі

Палестина халқын қорғау жамиғаты сионистік режимнің Палестинаның жәбірленген халқына қарсы қылмыстарының жалғасуы мен әлемдік қауымдастықтың осы іске қатысты үнсіздігін сынады.

Палестина халқын қорғау жамиғаты сәрсенбі күні палестиналық балаларға үн қосу күніне байланысты мәлімдеме жариялап, әлемдік қауымдастықтан сионистердің қылмыстарына қатысты үнсіздік танытпауды сұрады. Палестиналық 12 жастағы жасөспірім Мұхаммад әд-Дурре 2000 жылы 30- шы қыркүйекте Газа секторының Натсарим аймағында израильдік әскерилердің оғынан шәһид болды. Мұхаммад әд- Дурре шәһид болғаннан кейін де сионистердің қолынан көптеген палестиналық балалар шәһид болды. Соның ішінде сионистер Мұхаммад Әбухазирдің аузына бензин құйып өртеп шәһид етті. Келесібір нәсілшілдік әрекетте нәресте Әли Давабшенің үйін ата-анасымен бірге өртеп, шәһид етті.