Ирактың тұрақты қауіпсіздігі – Иранның басты мәселесі
(last modified Mon, 03 Oct 2016 12:09:48 GMT )
Қаз 03, 2016 18:09 Asia/Almaty
  • Ирактың тұрақты қауіпсіздігі – Иранның басты мәселесі

Ирактың Барлау қызметінің басшысы Мұстафа Каземи Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамханимен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық туралы пікір алмасты.

Әли Шамхани жексенбі күні Теһранда Каземимен кездесуінде Иранның лаңкестікпен қарсыласу  саласындағы барлау және қауіпсіздік тәжірибелерімен Иракпен алмасуға әзірлігін мәлімдеп: «Иракта тұрақты қауіпсіздіктің орнатылуы Иранның өзгермейтін басты мәселесі. Қақтығыс майдандарындағы қауіпсіздік жағдайының жақсаруы лаңкестік әрекеттердің артуына себеп болады. Сондықтан жаңа жағдайды бақылауға алып, басқаруда барлау және қауіпсіздік органдарының рөлі маңызды»,- деді.

Иран мен Ирак ұзын шекаралары және екі ел халықтарының ортақ діни ерекшеліктерімен кең ауқымды әрі достық қарым-қатынастарға ие. Иран мен Ирак халықтарының ортақ ерекшеліктері екі елдің экономикалық-саяси ынтымақтастықтарын жеңілдетті. Сонымен бірге ирандық зияратшлардың Иракқа сапар шегуі мен ирактық туристердің Иранға зиярат және саяхат мақсатындағы сапарлары екі елді бір-біріне жақындатты.

Иран мен Ирак халықтарының ортақ шекарасы мен ежелден келе жатқан қарым-қатынастары екі елдің үкіметтерін азаматтарының тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық жасауға міндеттейді. Осындай жағдайда қауіпсіздік мәселесі Иран мен Ирак арасындағы достықты нығайтты. Яғни, Ирактың қауіпсіздігі Иранның қауіпсіздігі саналып, екі елдің шекарасындағы тыныштық олардың экономикалық, саяси, мәдени және қоғамдық ынтымақтастықтарына кепілдік береді.

Иран мен Ирак облыстық, халықтық және үкіметтік тұрғылардағы ынтымақтастықтарын кеңейту мүмкіндіктеріне ие. Екі елдің жоғары лауазымды қайраткерлері тұрақты қауіпсіздік орнатып, ынтымақтастықтарды дамыту үшін үзбей кеңесулер өткізуде.

Иранның Иракқа бейберекеттіктерге қарсы тұрып, қауіпсіздік орнату үшін жергілікті мүмкіндіктерді пайдалану тәжірибесімен алмасуы екі елдің достық қарым-қатынастары мен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтарын кеңейтуінің белгісі. Иранның Ирак үкіметі мен халқының ДАИШ лаңкестеріне қарсы соғысына қолдау көрсетуі және халықтық күштерін жұмылдыру тәжірибесімен бөлісуі Ирактың әртүрлі жерлеріндегі ДАИШ лаңкестері мен олардың одақтастарының сәтсіздікке ұшырауына жағдай тудырды.

Иранның Ирактың қауіпсіздігін қолдауы ирактық бірлік пен біртұтастық негіздері бойынша қалыптасты. Иран Ирактың Бағдаттағы орталық үкіметі және Ирактың Күрдістан аймағындағы үкіметімен ынтымақтастық жасап, ДАИШ лаңкестерінің қатерін Бағдат пен Ирбильден алыстатты.

Иран мен Ирактың қауіпсіздік және барлау саласындағы ынтымақтастықтары екі елдің қарым-қатынастарын кеңейтуге оң әсер етеді. Иранның негізгі әрі тұрақты саясаты Ирактың барлық аймақтарында тыныштық пен қауіпсіздік орнату болып, Иран ортақ шекаралардағы қауіпсіздікті бұзушыларға қатаң шара қолданады.

 

 

Тегтер