Құдс интифазасына интернеттік интифаза түрінде қолдау көрсетілді
Құдс интифазасының алғашқы жылдығында Газа секторындағы палестиналық жастар ғаламтор кеңістігін сионистік жаумен күресу және Құдс интифазасын қолдау майданына айналдырды.
Палестиналық жастар Газаның кейбір аймақтарында топтар құрып, интернеттік мүмкіндіктерді пайдаланып, Құдс интифазасын қолдау туралы үндеулер жариялап, сионистік режимнің Құдс пен батыс жағалаудағы қылмыстарын әшкерелеп жатыр.
Құдсты қорғаушы палестиналық жастардың бір тобының ақпарат хатшысы Мұхаммад Лабад: «Батыс жағалаудағы Құдс интифазасының өзгерістеріне қатысты сионистік режимнің қылмыстарын әлеуметтік желілер арқылы әшкерелеу сионистік режимнің ақпарат саласындағы көптеген палестиналық белсенділердің парақшаларын жауып, хакерлік шабуыл жасауына себеп болды» деді.
Сионистік режим осы уақытқа дейін Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Құдста ондаған палестиналықты әлеуметтік желілер арқылы қоғамдық пікірді арандатты деген айыппен құрықтады.