Лаңкестер Алеппода сары фосфарды қолданбақ
https://itolqyn.com/news/west_asia-i15673-Лаңкестер_Алеппода_сары_фосфарды_қолданбақ
"Ахрар әш-Шам" тобының лаңкестері қазан айының бірінші жартысында Сириядағы Алеппо қаласындағы тұрғын аудандарға жасайтын шабуылдарында сары фосфорды қолданбақ.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 06, 2016 13:36 Asia/Almaty
  • Лаңкестер Алеппода сары фосфарды қолданбақ

"Ахрар әш-Шам" тобының лаңкестері қазан айының бірінші жартысында Сириядағы Алеппо қаласындағы тұрғын аудандарға жасайтын шабуылдарында сары фосфорды қолданбақ.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің барлау қызметіндегі бір хабардар көз сәрсенбі күні лаңкестердің сары фосфорды пайдаланғаннан кейін Ресей мен Сирияның үкіметтік күштерін осы іспен айыптауды мақсат етіп отырғанын мәлімдеді. 

Осы хабардар көздің мәліметі бойынша, лаңкестер Идлиб қаласының шығысында 15 шақырым жердегі Серакаб ауылында орналасқан жерасты қоймаларында шамамен бір тонна сары фосфорды сақтап отырған көрінеді.