Мысыр Қазақстанның Каспий теңізі жағалауына инвестиция салады
(last modified Sat, 27 Feb 2016 08:52:48 GMT )
Ақп 27, 2016 14:52 Asia/Almaty
  • Мысыр Қазақстанның Каспий теңізі жағалауына инвестиция салады

Қазақстан Президенті: «Мысырлық инвесторлар Қазақстанның Каспий теңізі жағалауындағы серуендеу орындарына инвестиция салуды көздеп отыр»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің Мысырдың «Әл-яум ул-Сабе» ақпарат сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні Қазақстанға ресми сапармен барған Мысыр Президенті Абдулфаттах әс-Сисимен кездескеннен кейін екі елдің экономикалық байланыстарында өзгерістер болуы қажеттігіне тоқталып, Мысырдың Қазақстандағы бірқатар даму жобаларына қатысатынын хабарлады.

Назарбаев Мысыр кәсіпкерлерінің Каспий теңізі жағалауындағы серуендеу орындары мен Қазақстанның бұрынғы астанасы Алматының айналасында құс өсіру орталықтарын ашуға инвестиция салуды қарастырып жатқандарын мәлімдеді.

Мысыр Президенті Абдулфаттах әс-Сиси саяси-экономикалық делегацияны бастап Қазақстанда жүр.