Бір аптаның ішінде Құндыздан 10 мың бейбіт тұрғын қоныс аударды
БҰҰ бір мәлімдемесінде Ауғанстанның солтүтігіндегі Құндыз қаласынан шамамен 10 мың бейбіт тұрғынның қоныс аударғанын хабарлады.
Mizan ақпарат агенттігінің бүгін, жексенбі күнгі хабарлауынша, БҰҰ-ның гуманитарлық істерді үйлестіру жөніндегі басқармасы бір мәлімдемесінде Ауғанстанның қауіпсіздік күштері мен Талибан арасындағы қақтығыстар мен бейберекеттіктер салдарынан Құндыз қаласы тұрғындарының қоныс аударып жатқанына алаңдаушылық білдірді.
Бұл басқарма Ауғанстанның қауіпсіздік күштері мен Талибан арасындағы қақтығыстардың салдарынан бір жыл ішінде екінші рет өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған Құндыз халқының қоныс аударуына алаңдаушылық білдіріп: "Талибан содырларының Құндыз қаласына шабуылының төртінші күні шамамен 10 мың адам бұл қаладан кеткен" деп қуаттады.
БҰҰ-ның гуманитарлық істерді үйлестіру жөніндегі басқармасы сонымен қатар Құндыз қаласында қалған отбасылардың су және электр қуаты жетіспеушілігі салдарынан тағам және отын дайындауда көптеген қиыншылықтарға душар болып отырғанын ескертті.
250 мың халқы бар Құндыз қаласы Ауғанстанның солтүстігінде орналасқан.