Палестиналық топтар Құдстағы қарсыласу амалдарын қолдады
Палестиналық топтар палестиналық жастардың Құдстағы қарсыласу амалдарын қолдады.
Палестина ақпарат тарату орталығының хабарлауынша, Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС жексенбі күнгі мәлімдемесінде осы қарсыласу амалдарын батырлық және сионист жаудың Палестина халқы мен қасиеттіліктеріне қарсы күнделікті қылмыстарына берген толығымен қалыпты жауап деп атап: "Құдстағы қарсыласу амалдарын Құдс интифазасының әлі де бар екенін көрсетті" деп қуаттады.
Палестина халықтық қарсыласу қозғалысының ақпарат хатшысы Халед Арбат бұл туралы: "Құдстағы қаһармандық амалдар интифаза аяқталды деп ойлаған кісілер үшін берілген батыл жауап болды. Құдстың орталығында қарсыласу амалдарын жүзеге асыру Құдстың жаулап алынған қала және оны қорғаудың заңды екендігін көрсетеді" деді.
Жексенбі күні таңертең Месбах Әбусабих есімді палестиналық күрескер жаулап алынған Құдста қарсыласу амалдары барысында бір топ сионист әскериге шабуыл жасап, олардың сегізіне зақым келтірді.
Осы палестиналық күрескер бұл әрекеттен кейін сионистер тарапынан оққа ұшып, шәһид болды.