Сауд режимінің Санадағы қылмыстарының салдарынан жараланған жандарға гуманитарлық көмек қажет
(last modified Mon, 10 Oct 2016 09:36:01 GMT )
Қаз 10, 2016 15:36 Asia/Almaty
  • Сауд режимінің Санадағы қылмыстарының салдарынан жараланған жандарға гуманитарлық көмек қажет

Сауд режимінің Йеменнің астанасы Санадағы үрейлі қылмысы әлемдік қоғамның гуманитарлық және дәрі-дәрмек бойынша көмек көрсетуін, сонымен бірге осы қылмысты зерттеуді қажет етеді.

Әлемдік  қауымдастықтың, әсіресе адам құқығына жауапты органдардың Санадағы аза рәсіміне жасалған шабуылда жарақат алғандарға кешіктірмей көмек көрсетуі мұхаррам айының алтыншы күнгі Сауд режимінің соғысқұмарлығы құрбандарының отбасыларына қатысты ахлақи әрі адами көмек болады.

Йеменнің жазықсыз халқының аза тұту рәсімінде   қырылуы туралы бейне материал әрбір азат адамның жүрегін ауыртты. Аза рәсімдерін өткізу үшін Санадағы ең үлкен мекенге жиналған халықтың қырылуы заманауи ғасырдың ең үрейлі апаты болып табылады. Мұхаррам айында Санадағы аза тұтушылардың қырылуы қасиетті кесенелердің иелері саналатын Сауд режимінің теңсіз соғыс кезінде ешбір исламдық және ахлақи құндылықтармен санаспауы ДАИШ лаңкестерінің әрекеттеріне ұқсас.

Йеменнің жазықсыз халқының Сауд режимінің қылмыстарынан қырылуының ауқымы кең болғандықтан санитарлық гигиена мен дәрі-дәрмек көмектері Санадағы жарақат алғандар мен зардап шеккендер үшін жеткіліксіз. Сауд Арабиясының аза тұту рәсіміне жасалған шабуылдағы өлгендердің саны артуда. Йеменнің Денсаулық министрлігінің жексенбі күнгі мәліметінше, саудиялық қырғи ұшақтардың әуе шабуылындағы құрбандардың саны 110 адамға жетіп, жарақат алғандардың саны 610 адамды құрады. Мұнымен қатар 150 адам жоғалып кетті. Көптеген мәйіттердің жеке тұлғаларын анықтау мүмкін емес. Сондықтан құрбандардың санының арту ықтималы жоғары.

Йеменнің Денсаулық министрлігі осы уақытқа  дейін жараланған шамамен 300 адамның емделу үшін шетелдерге аттандырылғанын хабарлады. Мұндай жағдайда барлық елдер ешбір шартсыз Йемен халқына көмек жеткізуі қажет. Осы тұрғыдан Иран Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз хатшысы Бахрам Қасеми Йеменнің әуе қоршауын тоқтатып, Сауд режимінің адамзатқа қарсы қылмыстарының салдарынан жарақат алғандарға көмек жеткізу үшін қауіпсіз әуе дәлізін ұйымдастыруды талап етті.

Иран үкіметі өзінің сыртқы саясатының негізі бойынша әрқашан зорлық-зомбылық көргендерге көмектесуге дайын. Гуманитарлық көмектер, соның ішінде дәрігерлер тобы мен дәрі-дәрмек және азық-түлік жіберу, сондай-ақ емдеу үшін йемендік жаралыларды қабылдау Иран үкіметінің әзірлік танытқан жедел әрекеттерінің қатарын құрап отыр.

Йеменнің әуе және теңіз қоршауын тоқтату үшін гуманитарлық сала бойынша іс-қимыл жасау қажет. Әлемдік қауымдастық, әсіресе БҰҰ мен адам құқығы туралы уәж айтатын мемлекеттердің  Йемен халқына жедел көмек жеткізетін жол ашуға жағдай жасауы олардың адамгершілігі мен әділеті үшін сынақ болады.