Түркия мен Ирак қайраткерлері ауызша соғыстың жаңа кезеңін бастады
(last modified Thu, 13 Oct 2016 12:22:55 GMT )
Қаз 13, 2016 18:22 Asia/Almaty
  • Түркия мен Ирак қайраткерлері ауызша соғыстың жаңа кезеңін бастады

Анкара мен Бағдад қайраткерлерінің ауызша соғысының жаңа кезеңі Түркия әскерилерінің Ирактың солтүстігіндегі амалдарына қатысты сындар көбейіп, Түркия Президенті дипломатиялық ережелерден тыс сөздер айтып, Түркия армиясының Ирак Премьер-министрінен рұқсат сұраусыз-ақ Мосулды азат ету амалдарына қатысатынын айтқан соң ушыға түсті.

Режеп Тайып Ердоған: «Түркия армиясы Джераблусте орындалған амал сияқты Мосулды азат ету амалдарына қатысатын болады. Бұған Ирак Премьер-министрінің рұқсаты қажет емес»,-деді.

Осы ортаның сенімінше, осындай кездесулерден кейінгі Ердоғанның аймақтық елдер немесе олардың қайраткерлері мен ішкі оппозиционерлерге қарсы сөздері әдетте басқыншылық сипатқа ие болады. Оның Ирак және оның қайраткерлері, соның ішінде Премьер-министрі туралы жуырдағы сөздерін осы тұрғыдан бағалауға болады.

Ердоғанды сынаушылардың айтуынша, Түркия Президенті өзінің ішкі және халықаралық сахнадағы саяси әрекеттерін түсіндіруге және халықаралық ойыншылардың оның саяси амалдарын қолдайтынын көрсетуге бар күшін салады.

Бұл мәселе Ирак пен оның Премьер-министріне қатысты да  тура келіп отыр. Кейбір саяси орталар РФ Президентінің Стамбұлға жуырдағы сапарынан бұрын Путиннің Түркияның Ирак пен Сириядағы сыртқы саясатына наразы екенін айтқан жағдайда Ердоған өзінің орыс әріптесімен кейбір экономикалық келісімдерге келгенін айтып, осы мүмкіндікті пайдаланып, Түркия үкіметі мен армиясының Ирактың солтүстігіндегі амалдарының дұрыстығын растап, Ирак Премьер-министрінің жеке тұлғасы мен орнына тиісуге кірісті.

Ердоғанның Ирак Премьер-министрі Хайдер әл-Абадидің Түркия әскерилерінің Ирактың солтүстігіндегі Башиқа әскери базасында орналасуы туралы сөздерін ашық түрде сынауы және дипломатиялық қағидалар мен тату көршілестік принциптерінен тыс сөздерді пайдаланып, әл-Абади Түркиямен бетпе-бет келіп отырғанда «өзінің шегін білуі тиіс» деп айтуын  осы тұрғыдан бағалауға болады.

Түркия мен Ирак соңғы апталарда Түркия әскерилерінің Ирактың солтүстігінде болу мерзімін бір жылға ұзарту туралы заңның бекітілуі, сондай-ақ, Ирак Парламентінің оларды Башиқа әскери базасынан шығаруды  талап еткенінен кейін саяси текетірестердің куәсі болды. Бұл тіпті екі ел елшілерінің СІМ-ге шақырылуына әкеліп соқтырды. Осы мәселе қазір жаңа аспектілерге ие болды.

Ирактың Премьер-министрі Түркия Президентінің сөздеріне реакциясында Ердоғанға қаратып: «Біз сіздердің дұшпандарыңыз емес екендігіміз айқын. Алайда Ирактың жерін скайп пен бейнежолдау арқылы емес, өз халқымыздың ерік-жігерімен азат етеміз»,-деді. Бұл сөздер әл-Абадидің Ердоғанның Түркия халқын шілде айында болған сәтсіз төңкеріске қарсы көшеге шығуын сұраған жолдауына меңзейді. Ердоған сол кезде жасырынып қалған деседі.  

Ирак үкіметінің ақпарат хатшысы Түркия қайраткерлерінің өткір сөздеріне реакция білдіріп: «Түркия арандатушы сөздерін доғаруы тиіс, өйткені Ирак үкіметі бұл елмен шиеленістің ушығуын қаламайды»,-деп ескертті.

Анкара мен Бағдад арасында ауызша соғыс пен текетірестің ушыққанын білдіретін жағдай Мосул мен аймақтағы тәкфирлік-лаңкестік топпен күрес мақсатын бұзып қана қоймайды, іс жүзінде осы топқа Ирактың солтүстігінде қауіпсіз кеңістік тудырады. Сондықтан  Ирактағы кейбір саяси орталардың пайымдауынша,  бұл жағдай Түркияның ДАИШ-пен күресін білдірмейді, керісінше бұл елдің Ирактың осы аймағын басып алуға және тәкфирлік топтардың күштерін аймақтан шығару үшін қауіпсіз дәліз тудыруға бағытталған қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттарынан хабар береді.

Бұл қатынас Түркияның тәкфирлік топтарға жақтасатынын білдірумен қоса, Анкараның осы топтарды құрал ретінде пайдаланып отырғанын көрсетеді.    

 

Тегтер