Израильдің әскери бюджеті артады
Сионистік «Едиот Ахронот» газетінің жазуы бойынша, сионистік режимнің парламенті Кнессетке қарасты әскери бюджеттік ортақ комитет осы режимнің Палестина халқының Құдс интифазасын тоқтатудағы қауқарсыздығына байланысты Израильдің әскери бюджетін арттыруға арналған жобаны бекітті.
Осы мәліметке сәйкес, Израильдің әскери бюджетін 800 миллион долларға арттыру туралы жоба ерекше жағдайға арналған. Израильдің әскери бюджетінің жалпы көлемі шамамен 15 миллиард доллар деп жарияланды. Израильдің Соғыс министрлігі бұдан бұрын ішкі майдан қолбасшылығының сионистер қоныстанған қалашықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі бюджетін арттыру туралы өтінішіне берген жауапта оларға 29 миллион долларлық көмектің бөлінетінін хабарлаған болатын.