Сионистер ЮНЕСКО-ның Құдс туралы шешіміне ашу-ыза танытты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i16075
ЮНЕСКО-ның Әл-Ақса мешіті мен Құдстың еврейлермен ешқандай тарихи, діни және мәдени қатысы жоқ деген шешімі сионистердің ашу-ызасына себеп болды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 14, 2016 19:13 Asia/Almaty
  • Сионистер ЮНЕСКО-ның Құдс туралы шешіміне ашу-ыза танытты

ЮНЕСКО-ның Әл-Ақса мешіті мен Құдстың еврейлермен ешқандай тарихи, діни және мәдени қатысы жоқ деген шешімі сионистердің ашу-ызасына себеп болды.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, сионистік режимнің премьер-министрі Бениамин Нетаньяху асығыс реакциясында ЮНЕСКО-ға тіл тигізіп, оның шешімін «жаман әрі құнсыз» деп атап: «ЮНЕСКО өзінің азын-аулақ заңдылығынан да айрылды»,- деген уәж айтты.

Сионистік режимнің президенті Реувен Ривлин де: «Еврейлер мен Құдстың қасиетті мекендерінің тарихи және діни байланыстарын теріске шығаратын әр тарап өзін кемсіткен болып табылады»,- деді.