Йеменнің Ансаролла қозғалысы атысты тоқтату үшін шарт қойды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i16273
Йеменнің Ансаролла қозғалысының Баспасөз хатшысы атысты тоқтату мен Йемен халқының қоршауын жоюды БҰҰ-ның бақылауымен өтетін келіссөздердің басталуының шарты ретінде жариялады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 17, 2016 15:57 Asia/Almaty
  • Йеменнің Ансаролла қозғалысы атысты тоқтату үшін шарт қойды

Йеменнің Ансаролла қозғалысының Баспасөз хатшысы атысты тоқтату мен Йемен халқының қоршауын жоюды БҰҰ-ның бақылауымен өтетін келіссөздердің басталуының шарты ретінде жариялады.

 ИРНА-ның «Әл-Ахад» ақпарат базасына сілтеме жасап хабарлауынша Ансаролла қозғалысының Баспасөз хатшысы әрі Йеменнің Ұлттық тобының басшысы Мұхаммад Абделислам Лондон мен Вашингтонның Йемендегі соғысты тоқтату талабына берген жауабында жан-жақты атысты тоқтату мен Йемен халқының қоршауын жоюды БҰҰ-ның бақылауымен өтетін келіссөздердің басталуының шарты деп атады.

Абделислам «Твиттердегі» парақшасында: «Атыс тоқтату жан-жақты болып, құрлық, теңіз бен әуе шабуылдары тоқтатылып, қоршау алынып, Йеменнің кеңістігінде ұшақтардың ұшуына тыйым салынуы керек. Шабуылдар жалғасып жатқан жағдайда кеңесулер мен келіссөздер өткізу уақытты зая кетіру болып табылады»,- деп қуаттады.

Ансаролла қозғалысының Баспасөз хатшысы бұл сөздерін Йемендегі соғысты тоқтату мәселесіне арналған Лондон отырысындағы АҚШ Мемлекеттік хатшысы мен Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің талаптарына реакция ретінде айтты.