Қаз 18, 2016 08:57 Asia/Almaty
  • Мосулде әл- Бағдадидің керуеніне әуеден шабуыл жасалды

Мосулдің әл- Ғабат аймағында ДАИШ лаңкестік тобының жетекшісі Әбубәкір әл- Бағдадидің керуеніне шабуыл жасалды.

«Тасним» ақпарат агенттігінің «Al Sumaria News» агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша,  ДАИШ- тің жетекшісі Әбубәкір әл- Бағдади мен өзге бір топтың басшыларының  керуеніне Мосулдің әл-Ғабат аймағында шабуыл жасалды.

Осы мәлімет бойынша шабуылда ДАИШ- тің көптеген басшыларының көзі жойылған, бірақ әл- Бағдади аман қалған.

Нейнава облысындағы бір жергілікті дереккөзі осы шабуылда «Джейш әл- Асра» деп танымал болған шағын топтың қолбасшысы Әбумуса әл- Мағреби мен оның қасындағы бірнеше адамның мерт болғанын хабарлады.

Осы шабуылда сонымен қатар 5 сауытты көлік толығымен жойылды.

«Әл- Атжаһ» телеарнасының мәліметі бойынша, ирактық күштер Мосулдің оңтүстігіндегі Һамам әл- Алил аймағында үкіметтік ғимараттардың шатырына Ирактың туын желбіретіп, Мосулдің оңтүстігіндегі әл- Һауз аймағындағы елді мекендердің бақылауын өз қолдарына алып, әл- Ғияре аймағындағы мұнай құдықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

 

 

Тегтер