Бейсенбі күні таңертең Йеменде бітім жобасы жүзеге асырылады
(last modified Tue, 18 Oct 2016 11:46:36 GMT )
Қаз 18, 2016 17:46 Asia/Almaty
  • Бейсенбі күні таңертең Йеменде бітім  жобасы жүзеге асырылады

БҰҰ-ның Йемен істері жөніндегі өкілі бейсенбі күні таңертеңнен бастап бұл елде бітім жобасының жүзеге асырылатынын мәлімдеді.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ-ның Йемен істері жөніндегі өкілі Исмаил Валед шейх әл-Ахмад дүйсенбі күнгі бір мәлімдемеде йемендік партиялардың осы елде бейсенбі күні таңертеңнен бастап  бірінші кезеңде ұзартуға болатын  72 сағаттық бітім жобасының жүзеге асырылатындығына кепіл бергенін мәлімдеді.

Йеменнің отставкаға кеткен үкіметінің Сыртқы істер министрі Абдолмалек әл-Махлафи дүйсенбі күні Йеменнің отставкаға кеткен президенті Абд Раббо Мансур Хадидің ұзартуға болатын 72 сағаттық бітім орнатуға келіскенін мәлімдеді.