Сирияның Алеппо қаласында сегіз сағаттық бітім орнайды
(last modified Tue, 18 Oct 2016 11:59:31 GMT )
Қаз 18, 2016 17:59 Asia/Almaty
  • Сирияның Алеппо қаласында сегіз сағаттық бітім орнайды

Ресейдің Қорғаныс министрлігі дүйсенбі күні: "Ресей мен Сирия қарулы күштері бейбіт тұрғындар мен лаңкестердің қаладан шығуына мүмкіндік тудыру үшін бейсенбі күні сегіз сағатқа Алеппо қаласына шабуылдарын тоқтатады" деп мәлімдеді.

Reuters ақпарат агенттігінің Мәскеуден хабарлауынша, Ресей Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды қайраткерлерінің бірі генерал Сергей Рудской ақпарат отырысында лаңкестердің Алеппоның кейбір бөлімдерінде бейбіт тұрғындарды қырып жатқанына батыстық үкіметтердің көзжұмбайлықпен қарап отырғанын айтып: "Қазан айының 20-сы күні сағат 8:00-ден 16:00-ге дейін гуманитарлық мақсатта Алеппо аймағында бітім орнайды" деді. 

Осы уақыт аралығында Ресейдің әуе күштері мен Сирияның үкіметтік күштері әуе шабуылдары мен басқа да амалдарын тоқтатады. 

БҰҰ Ресейдің Алеппода сегіз сағаттық бітім орнату ұсынысын оң, бірақ жеткіліксіз деп бағалады. 

Алеппо қаласының осы бөлімінде 250 мыңға жуық бейбіт тұрғын бар.