Қаз 18, 2016 18:05 Asia/Almaty
  • Ирактың премьер-министрі Түркия күштерінің осы елдің жерінен шығуын қуаттады

Ирактың премьер-министрі Түркия әскери қызметкерлерінің Ирак жерінен шығуын қуаттады.

Mehr ақпарат агенттігінің al-Sumaria news-ке сілтеме жасап хабарлауынша, Ирактың премьер-министрі Хайдер әл-Абади өзінің өткір сөздерінде Түркия қайраткерлеріне Мосулда қателік жасамауды қатаң ескертіп, сөзінің жалғасында: "Біз Түркия қайраткерлерінің сөздеріне аса сенбейміз. Оларды Ирактың егемендігін құрметтеуге шақырамыз. Иракпен көршілес елдерді ИСИМ қаупінің алдында қырағы болуға шақырамыз. Олармен әріптестік жасауға әзірміз. ИСИМ тек Иракқа ғана емес, бүкіл әлемге  төніп тұрған қауіп-қатер саналады. Ирактық күштер Мосулде ИСИМ-ге қарсы үлкен жеңіске қол жеткізді. Бұл алдағы күндердегі Мосулдегі жеңістердің нышаны. Біз Мосул тұрғындарын қорғау үшін бар күшімізді саламыз" деді. 

 

 

Тегтер