Тунистік ғалымдар ирандық "Мұхаммад - Алланың елшісі" фильмін қолдады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i16480
Тунистік ғалымдар ирандық режиссердің туындысы «Мұхаммад – Алланың елшісі» фильмін шиға және сүнни мазхабының пәтуаларына сәйкес түсірілген деп бағалады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 20, 2016 18:41 Asia/Almaty
  • Тунистік ғалымдар ирандық

Тунистік ғалымдар ирандық режиссердің туындысы «Мұхаммад – Алланың елшісі» фильмін шиға және сүнни мазхабының пәтуаларына сәйкес түсірілген деп бағалады.

Тунис университетінің ұстазы Мани Базави «Мұхаммед – Алланың елшісі» фильмінің ислам пайғамбарының балалық шағын көрсететінін айтып: «Фильмде пайғамбардың бейнесі кейіптелмеген. Тақырыбы хазіреттің пайғамбарлыққа таңдалуынан бұрынғы кезеңге қатысты» деді. Тунистік келесі ғалым Сами Ибраһим да аталмыш ирандық фильмді мадақтап: «Мұхаммад Алланың елшісі фильмінде мұсылмандардың барлық қажеттіліктеріне назар аударылған. Бұл тек шиғаларға арналмаған» деді.