Сирияда ресейлік офицерлер жараланды
(last modified Fri, 21 Oct 2016 06:59:01 GMT )
Қаз 21, 2016 12:59 Asia/Almaty
  • Сирияда ресейлік офицерлер жараланды

Лаңкестер Сириядағы бітімді бұзып, Халеб облысындағы Хай-әл-Машрака өткізу бекетінде үш ресейлік офицерді жаралады.

Лаңкес мергендер бейсенбі күні бітімді бұзумен қатар, Халебте бітімді жүзеге асыру бөлімінде қызмет атқарып жүрген үш ресейлік офицерді нысанаға алып, жаралады. 

Лаңкестер сонымен қатар Кастелло жолы бойындағы  Сирия әскерінің позицияларын атқыш қарулармен нысанаға алды. 

Бұл әрекет Ресей мен Сирия БҰҰ-ның өтінішімен Халебтің шығысындағы аймақтардағы өткізу бекеттерінен тұрғындардың және қаруларын тастаған содырлардың шығуы үшін мүмкіндік тудыру мақсатында бейсенбі күні таңғы сағат 8:00-ден жұма күнгі түсен кейінгі уақытқа дейін бітім орнағанын мәлімдеген жағдайда орын алды.