Әл-Ақса мешітінің айналасында міндетті түрде қазба жұмыстарын жүргізу жобасы бекітілді
Сионистік режим қайраткерлері Әл-Ақса мешітінің айналасында міндетті түрде қазба жұмыстарын жүргізу жобасын бекітті.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің «Палестина әл-Яум» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху сенбі күні әл-Ақса мешіті мен палестиналықтарға қарсы экспансиялық саясатын жалғастырып, әл-Ақса мешітінің айналасында міндетті түрде қазба жұмыстарын жүргізу жобасын қолдап: «Осы жобаға қатысумен қоса, қажетті материалдық және техникалық мүмкіндіктердің барлығы берілетін болады»,-деді.
Бұл жағдайда Құдсты басып алған режимнің көне ескерткіштер ұйымының төрағасы Исраил Хосун: «Израиль жастары әскерге барудан бұрын осы жобада әл-Ақса мешітіндегі қазба жұмыстарына қатысуы тиіс»,-деді.
БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет ұйымы ЮНЕСКО-ның еврейлердің әл-Ақса мешіті және Жалбарыну қабырғасымен байланысын теріске шығару туралы қарары өткен аптада осы ұйымның атқарушы кеңесінде палестиналықтардың мүддесіне орай бекітілген соң, Шығыс Құдс ислам әлемінің мұрасы ретінде танылды.