Газадан сионистердің тыңшылық жасауға арналған құрал-жабдықтары табылды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i16684-Газадан_сионистердің_тыңшылық_жасауға_арналған_құрал_жабдықтары_табылды
Палестинаның қауіпсіздік көздері Газа секторынан сионистердің тыңшылық жасауға арналған құрал-жабдықтарының табылғанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 23, 2016 18:06 Asia/Almaty
  • Газадан сионистердің тыңшылық жасауға арналған құрал-жабдықтары табылды

Палестинаның қауіпсіздік көздері Газа секторынан сионистердің тыңшылық жасауға арналған құрал-жабдықтарының табылғанын хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігінің бүгін, жексенбі күнгі мәліметі бойынша Палестинаның бір қауіпсіздік көзі Палестина қарсыласу қозғалысы күштерінің Газада қарсыласу қозғалысының әскери орталықтарына жақын жерлерге орнатуды мақсат еткен сионистердің тыңшылық құрылғыларын анықтағанын хабарлаған.

Өткен аптада да Газа секторында Палестинаның исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-қа қарасты әскери сот бір палестиналықты сионистік режимнің пайдасына тыңшылық жасады деген айыппен өлім жазасына кескен болатын.  

Осы әскери сот сонымен қатар тағы бір палестиналықты да тыңшылық айыбымен 10 жылға түрмеге кесті.

Бұдан бұрын Палестинаның Ішкі Істер Министрлігі сионистік режимнің тыңшылық тәсілдерін ескертіп, осы режимнің жалдамалыларынан Палестинаның қауіпсіздік күштеріне берілуді сұрады.

Палестинаның исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың әскери бөлімшесінің хабарлауы бойынша сионистік режим Газаның қоршаудағы аймақ тұрғындарының алаңдатарлық жағдайын теріс пайдаланып, қарсыласу топтарына қарсы тыңшылық жасау үшін адамдарды тартуды мақсат етіп отырған көрінеді.