ДАИШ-тің Киркукке жасаған шабуылдарында 80 адам қайтыс болып, 200 адам жараланды
(last modified Sun, 23 Oct 2016 12:51:33 GMT )
Қаз 23, 2016 18:51 Asia/Almaty
  • ДАИШ-тің Киркукке жасаған шабуылдарында 80 адам қайтыс болып, 200 адам жараланды

ДАИШ лаңкестік тобының Ирактың солтүстігіндегі Киркук қаласына жасаған шабуылдары ирактық 80 азаматтың өлімі мен 200 адамның жаралануына соқтырды.

Киркуктегі Пишмарге күштері қолбасшыларының бірі Веста Расул ирактық күштердің ДАИШ лаңкестерімен Киркук қаласының ішіндегі екі күндік қатты шайқастарынан кейін даиштік 122 лаңкестің өліп, 16 лаңкестің ирактық күштердің тұтқынына түскенін айтты. Ирак Күрдістаны аймағының орталық кеңесі де мәлімдеме жариялап, Киркукте барлық лаңкестердің өліп, ДАИШ амалдарының қолбасшысы Абу Исламның осы қалада құрықталғанын хабарлады.