Мосулды азат еткеннен кейін эр-Ракканы қайтару қуатталды
(last modified Wed, 26 Oct 2016 15:11:55 GMT )
Қаз 26, 2016 21:11 Asia/Almaty
  • Мосулды азат еткеннен кейін эр-Ракканы қайтару қуатталды

Иран ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының төрағасы Мосулды азат еткеннен кейін эр-Ракканы қайтарып алу үшін барынша талпыныс жасау қажеттілігін қуаттады.

Иран ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының төрағасы Алаоэддин Бружерди «France 24» арнасына берген сұхбатында: «Эр-Ракка ДАИШ лаңкестік тобының орталығы болып табылады. Осы топ сол жерден өзінің лаңкестік қимылдарын әлемге таратып отыр. Сол себепті Мосулдан кейін эр-Ракканы қайтарып алу үшін барынша талпыныс жасауға ден қою керек» деді.

Бружерди Иранның Ирактағы лаңкестік топтармен күрес белсенділігінің тәсілі туралы: «Ислам республикасы Ирак және Сирия үкіметтерінің өтініші бойынша осы екі елде әрекет жасап отыр. Осы істі де әскери кеңестер беру және оларға әскери білім беру арқылы орындауда» деді.

Бружерди Түркияның Иракта осы елдің үкіметімен үйлесімділік жасамай, құзырға ие болуы туралы айтқан сөзінде: «Бөгде мемлекеттердің кез келген елдегі әскери шарасы шын мәнінде сол елдің аумағына шапқыншылық жасау болып саналады. Бұл халықаралық ережелерге қайшы әрі мәселені шешуге еш көмегін тигізбейді» деді.