Ансаролла қозғалысы: Сауд Арабиясының аймақтағы әрекеті жауластық сипатқа ие
(last modified Thu, 27 Oct 2016 13:58:07 GMT )
Қаз 27, 2016 19:58 Asia/Almaty
  • Ансаролла қозғалысы:  Сауд Арабиясының аймақтағы әрекеті жауластық сипатқа ие

Йеменнің Ансаролла қозғалысының басшысы Сауд Арабиясының аймақтағы әрекетін жауластық сипатта деп атады.

Ливанның «al-Ahd» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Йеменнің Ансаролла қозғалысының басшысы Абдулмалек әл-Хуси сәрсенбі күні Йеменнің астанасы Санада: «Сауд Арабиясы сияқты кейбір елдер бүгін дін мен исламның атымен қылмыс жасап, іріткі салып, ислам үмбетін бұзуда.

Сауд режимі ислам әлемінде жауластық сипаттағы әрекеттер жасап жатыр, өйткені Сауд Арабиясы басқа елдердің тыныштығы мен тұрақтылығын бұзу үшін оларға ақшаның күшімен ықпал етеді.

АҚШ Сауд Арабиясына өздері қалаған кез-келген елде іріткі салуға рұқсат берген. Сауд Арабиясының Йеменге басқыншылығы да осыған орай орын алды»,-деп мәлімдеді.