Иран БАӘ мен Сауд Арабиясының уәждеріне жауап берді
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы БАӘ мен Сауд Арабиясының қайраткерлеріне исламдық құндылықтарды өздерінің сұрқия пиғылдарының тақырыбы етіп алмауға кеңес берді.
Иран СІМ ақпараттық дипломатия департаментінің хабарлауы бойынша, ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми жұма күні БАӘ Сыртқы істер министрінің йемендіктердің қасиетті Мекке қаласына қарай зымырандық шабуыл жасағаны туралы сөздеріне реакция білдіріп, йемендіктердің қасиетті Мекке қаласына қарай зымырандық шабуыл жасағаны туралы уәждерді күлкілі деп атап, Теһранның БАӘ мен Сауд Арабиясының қайраткерлеріне исламның қасиетті жерлерін саяси пиғылдардың тақырыбына айналдырмауға, өздерінің сәтсіздіктері мен жеңілістерінің есесін қайтару үшін осындай екіжүзді, іріткі салушы әрі қатерлі кеңістіктер тудыруды пайдаланбауға кеңес беріп: «Йемен халқының исламның қасиетті жерлеріне құрметі мен қызығушылығы өзінің тағы мен тәжін сақтау үшін ислам үмбеті емес, АҚШ пен сионистік режимге сүйенген ваххабилер мен сұлтандарға қарағанда көбірек. Олар екі қасиетті қаланың қадір-қасиетін басқыншылар мен бала өлтірушілерден артық сақтайды»,-деді.