Дұшпандар Израильмен сыбайластық жасап, аймақта бейберекеттік тудыруды көздеуде
(last modified Sat, 29 Oct 2016 15:41:06 GMT )
Қаз 29, 2016 21:41 Asia/Almaty
  • Дұшпандар Израильмен сыбайластық жасап, аймақта бейберекеттік тудыруды көздеуде

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы дұшпандардың Израиль режимімен сыбайласып, аймақта бейберекеттік тудыруды көздеп отырғандарын мәлімдеді.

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани Иранның орталығындағы Исфахан облысына қарасты Хомейнишахрдың 2300 шәһидін еске алу  конгресінде: «Дұшпандар сионистік режиммен сыбайласып, аймақтағы жағдайды өз пайдаларына өзгертуге күш салуда» деді.

Лариджани дұшпандар үшін ең сорақы жағдайды Ливан Хезболласы мен Иранның аймақта жеңіске жетуі деп  атап: «Дұшпандар лаңкестердің әскери демеушілігімен аймақтағы саяси дағдарысты басқаруды мақсат тұтып отыр.

Дұшпан шынайы талаптар мен исламдық және таухидтық пікірді теңселтуді көздеп, өзінің сұм мақсаттарына жету үшін ақпарат құралдарын пайдаланады» деді.

Лариджани экономикалық дағдарыс пен мұсылмандарға экономикалық соққыны дұшпанның өзге жоспарлары деп атап, Иранға санкция салып, мұнай бағасын төмендетуді, экономикалық дағдарыс пен аймақтық қақтығыс қалыптастыруды дұшпанның негізгі жоспарларының қатарына жатқызды.