Бір палестиналық басып алынған жерлерде шәһид болды
Тағы бір палестиналық сионист әскерилердің қолынан қаза тапты.
Палестинаның «Маа» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бір палестиналық жас жігіт жексенбі күні Иордан өзенінің батыс жағалауының оңтүстігіндегі әт-Тахлилдің солтүстігінде орналасқан Бейт-Амр ауылында сионист әскерилермен қақтығыс барысында сионистердің оғынан жазым болды.
Бұл палестиналық жас жігіт шәһид болар алдында қалашық тұрғындарымен қақтығыс пен израильдіктерге қарсы амалдарда 3 қалашық тұрғынын жаралаған болатын.
Палестина азаматтары сионистік қалашықтар тұрғындарының әртүрлі тәсілдермен әл-Ақса мешітіне шабуыл жасауымен күресу үшін сионистердің бүлдіргі әрекеттеріне кедергі келтіруге тырысады.
Сионистік қалашықтардың тұрғындары сионист әскерилердің қолдауымен күн сайын әл-Ақса мешітіне баса-көктеп кіреді. 2015 жылдың қазан айында Құдс интифазасы басталғаннан бері кемінде 250 палестиналық сионист әскерилердің қолынан қаза тапты.