Иран Сот органының төрағасы Ирактың Премьер-министрімен кездесті
Иранның Сот органының төрағасы Ирактың Премьер-министрімен кездесуінде Иранның Ирактың егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау қажеттігін қолдайтынын білдірді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сот органының төрағасы аятолла Садық Амоли Лариджани Бағдадқа сапарының жалғасында жексенбі күні кешке Ирактың Премьер-министрі Хайдер әл-Абадимен кездесуінде ДАИШ-ке қарсы соңғы жеңістермен құттықтап, Иранның Ирактың егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау қажеттігін қолдайтынын білдіріп, ИИР-ның барлық салалар бойынша екіжақты қарым-қатынасы нығайтуға ынталы екенін қуаттады.
Екі елдің сот органындағы қайраткерлер, соның ішінде Ирактың Жоғары сот кеңесінің төрағасы Мадхат Махмуд та қатысқан кездесуде Хайдер әл-Абади екі көршілес елдің лаңкестік пен жемқорлықпен күрес саласындағы қарым-қатынасын нығайтуды қалайтынын білдірді.
Ирактың Премьер-министрі, сондай-ақ, екі елдің арасында сот бойынша әріптестік туралы меморандумға қол қойды.
Иран Сот органының төрағасы жексенбі күні түстен кейін Ирак Парламентінің төрағасы Салим әл-Джабуримен де кездесіп, сұхбаттасты.