Мишель Аун Ливан президенті болды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i17185-Мишель_Аун_Ливан_президенті_болды
Ливан Парламенті «Өзгеріс пен реформа» фракциясының төрағасы Мишель Аунды осы елдің президенті етіп сайлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 01, 2016 07:59 Asia/Almaty
  • Мишель Аун Ливан президенті болды

Ливан Парламенті «Өзгеріс пен реформа» фракциясының төрағасы Мишель Аунды осы елдің президенті етіп сайлады.

Мишель Аун Ливанның президенттік тағы шамамен екі жарым жыл бос қалған соң осы ел парламенті депутаттарының алдында елдің 13-ші президенті ретінде ант қабылдады.

Ливан халқы, әсіресе  Мишель Аунның туған жері Харик аймағының тұрғындары көшелерге жиналып, оның президент ретінде сайланғанын тойлады. Ливанның өткен екі жарым жылда президенті болмады. Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Мишель Аунның президент болып сайлануын қолдап, Ливан халқын құттықтады.