Рамаллада үш сионист әскери жараланды
Палестиналық жастардың бірі шәһид болуды талап ету әрекетінде сионистік әскерилерді нысанаға алып, олардың үшеуін жаралады.
«Меһр» ақпарат агенттігінің «Палестина Яумға» сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Йордан өзенінің батыс жағалауының орталығы Рамалла қаласының солтүстігіндегі Бейт-Эль қалашығына жақын жерде орын алған шәһид болуды талап ету әрекеттерінде үш сионист әскери жарақат алып, әрекетті орындаушының өзі де көз жұмды. Бұл әрекетте палестиналық жігіт Мұхаммад Торкман сионистік әскерилерге қарай оқ атып, олардың үшеуін жаралады.
Бұл жігіттің шәһид болуымен Құдс интефазасында шәһид болғандардың саны 260 адамға жетті.
Айта кететін жайт, жексенбі күні де палестиналық жас жігіт Халед Ахмад Алиан Ахлил әл-Халильдің солтүстігінде Бейт Амр қалашығына жақын жерде өз көлігімен сионистік әскерилерді соғып, нәтижесінде үш әскери жарақат алды. Бірақ оның өзі де сионистердің оғынан шәһид болды.