Израиль палестиналық компьютерлік ойынға ашу танытты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i17248
Сионистік режимнің Газа секторына жасаған 50 күндік шабуылдары кезіндегі осы аймақтың мазлұм тұрғындарының қайғы-қасіретін бейнелеген «Ләйла және көлеңкелер соғысы» атты компьютерлік ойынның Палестина халқы тарапынан жаппай қолдау табуы израильдік қайраткерлердің ашуына себеп болды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 02, 2016 08:17 Asia/Almaty
  • Израиль палестиналық компьютерлік ойынға ашу танытты

Сионистік режимнің Газа секторына жасаған 50 күндік шабуылдары кезіндегі осы аймақтың мазлұм тұрғындарының қайғы-қасіретін бейнелеген «Ләйла және көлеңкелер соғысы» атты компьютерлік ойынның Палестина халқы тарапынан жаппай қолдау табуы израильдік қайраткерлердің ашуына себеп болды.

Израильдің Ішкі қауіпсіздік министрі Гилад Эрдан «Google» және «Apple» компанияларынан осы палестиналық ойынды өз дүкендерінде сатудан бой тартып, оны ұялы телефондарға жүктеуге тосқауыл қоюды талап етті.