Сауд Арабиясының тыңшылық мақсаттағы ұшқышсыз ұшағы құлады
Йемендік күштер Сауд режимінің тыңшылық мақсаттағы ұшқышсыз ұшағының көзін жойды.
Йемендік Al Masirah телеарнасының мәліметі бойынша, бұл тыңшылық ұшақті сейсенбі күні Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Асир аймағында йемендік күштерімен анықтап, жарып жіберген.
Сауд режиміне қарасты тыңшылық ұшақтар йемендік күштердің қатынастары мен олардың қауіпсіз-әскери орталықтарын анықтау мақсатында әуеге көтеріледі. Бірақ Йемен әскерінің әуе қорғаныс жүйелері олардың көздерін жоюда.
2015-ші жылдың наурыз айының 26 күні Сауд Арабиясы Йеменге қарсы әуе шабуылдарын бастады. БҰҰ-ның мәліметі бойынша бұл шабуылдардың салдарынан 10 мыңнан астам йемендік қаза тапқан.