Иран мен Ирак лаңкестік және контрабандамен күрес туралы келісімге қол қойды
(last modified Sat, 05 Nov 2016 09:02:37 GMT )
Қар 05, 2016 15:02 Asia/Almaty
  • Иран мен Ирак лаңкестік және контрабандамен күрес туралы келісімге қол қойды

Иранның Сот билігінің төрағасы Иракпен лаңкестік және контрабандамен күрес туралы келісімге қол қойылғанын хабарлап, оның мән-жайын баяндады.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иракқа жеті күндік сапардан кейін жұма күні Теһранға оралған аятолла Садеқ Амоли Лариджани ақпарат отырысында Иракқа сапарының жетістіктері туралы: "Бұл сапар барысында ирактық тараппен келіссөздер өткізіп, осы елдің жоғары дәрежелі сот қайраткерлерімен кездестік. Ирактың сот органымен сындарлы келіссөздер өткізіп, жақсы келісім жасадық" деді.

Аятолла Амоли Лариджани осы келісімнің тарауларына тоқталып: "Контрабандашыларды жазалау, лаңкестікпен күрес және исламдық адам құқығы мәселесі, есірткі заттарға қатысты ұйымдастырылған қылмыстармен күрес, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі адам құқығы мәселелеріне реакция білдіру мәселелері осы келісімнің тарауларын құрады" деді.  

 

 

Тегтер