БҰҰ-ның өкілі Газадағы жағдайдың нашарлауы туралы ескертті
БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы бейбітшілік үдерісіндегі өкілі Газа секторында ірі жобаларды жүзеге асыруды жоспарлаудан бұрын бұл аймақтың ауыз су тапшылығы мен жұмыссыздық сияқты қазіргі мәселелерін шешу қажеттігін айтты.
Ол сенбі күні Газаның жағдайы туралы баяндамасының жалғасында Газа секторы халқының экономикалық және тіршілікті қамтамасыз етудегі қиыншылықтарға байланысты нашар жағдайда өмір сүріп жатқанын, дәл осы мәселенің соғыстан зардап шеккен қоршаудағы осы аймақтың жағдайын күрделендіре түсетіндігін айтты.
Сионистік режим Палестина халқының қарсыласуы алдында бірнеше рет сәтсіздікке ұшырағандықтан 2005 жылы Газадан кері шегінуге мәжбүр болғанымен, бұл режим өзінің Палестина халқының қарсыласуы алдындағы жеңілісін жасырып-жауып, палестиналықтарды тізе бүктіріп, Газаны қайта басып алу үшін жағдай тудыруға күш салды.
Сол себепті сионистік режим Газадан кері шегінгеннен кейін де осы режимнің Газа тұрғындарына қарсы дұшпандық саясаттары азаймай, бұл режимнің осы аймақтың тұрғындарына қарсы адамгершілікке жат іс-әрекеттері палестиналықтардың басқа аймақтарына қарсы әрекеттерімен бір мезгілде іс жүзінде жалғасып жатты. Айта кетер жайт, соңғы жылдары жүздеген палестиналық Газаны қоршаудың апатты салдарынан қаза болды.
Осындай жағдайда халықаралық ұйымдар, әсіресе, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі сионистік режимді қолдап отырған батыс елдерінің қысымымен осы есептерді тек тыңдап немесе мәлімдеме жариялаумен ғана шектеліп, Израильдің қылмыстарын тоқтату үшін ешқандай шара қолданған жоқ.
Бұл мәселе батыс үкіметтерінің сионистік режимді қолдауының жалғасуымен қатар апатты жағдай тудырды. Сионистік режим мен оның қолдаушылары тудырған Газадағы осындай апатты жағдай қоғамдық пікірді қатты алаңдатып отыр.
Шын мәнінде, 2007 жылдан бері Газа қоршауының күшеюі осы аймақтың шамамен 1,5 миллион халқын азық-түлік, таза ауыз суы, киім мен дәрі-дәрмек сияқты қажетті тауарлардың жетіспеушілігімен бетпе-бет келтіріп, осы аймақтағы гуманитарлық дағдарыстың күшеюі туралы алаңдаушылықтарды арттырды. Осы аяда біраз бұрын БҰҰ-ның Сауда және даму конференциясы Палестина туралы өзінің мәлімдемесінде Израиль қарулы күштерінің Газа секторын қоршауға алуы мен оның бірнеше рет шабуылдауын назарға алып, бұл аймақтың 2020 жылға дейін өмір сүруге жарамайтын аймаққа айналу ықтималдығы туралы ескертті.
Бұл әлемдік қауымдастық сионистік режимнің қылмыстарына, әсіресе, бұл режимнің Газаны қоршаудағы әрекетіне қатысты ешқандай апат орын алмағандай қатынас жасап отырған жағдайда орын алды. БҰҰ Бас Ассамблеясының жылдық отырыстарында Газа жағдайының нашарлауы мәселесінің шынайы түрде қарастырылмауы осы ұйым қайраткерлерінің Газа жағдайына немқұрайдылығын көрсетеді.
Осындай кеңістікте сионистік режим еш ұялмастан Газаны қоршаудағы әрекеттерін теріске шығарып отыр. Жуырда сионистік режимнің соғыс министрі Авигдор Либерман бір бопсалау әрекетінде Газа халқына Газа порты, әуежайы мен өнеркәсіптік аймақ салу үшін Израильдің көмектерін қамтитын пакет ұсынды, бірақ оның орнына Палестинаның Исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС пен басқа да палестиналық топтар қарсыласу әрекеттерін тоқтатуы керек болады.