Сардар Деһқан: Иран аймақтағы тұрақсыздыққа тосқауыл қояды
Қар 08, 2016 07:46 Asia/Almaty
Иран ислам республикасының Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі, бригада генералы, сардар Хосейн Деһқан Иранның Таяу Шығыс аймағында тұрақсыздыққа тосқауыл қоюды мақсат етіп отырғанын қуаттап:
«Аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы Иран ислам республикасы үшін зор маңызға ие. Иран аймақта тұрақсыздықты таратушы факторларға қарсы тұрады» деді.
Сардар Деһқан Иранның Ресей және Сириямен осы елдегі дағдарысты шешу үшін ынтымақтастықтарды жалғастыратынын қуаттап: «Аймаққа қауіпсіздік оралмайынша, Иран ислам республикасы лаңкестікпен күрес және лаңкестік топтармен әсірешілдерді жою үдерісінде Сирия үкіметі мен халқының жанынан табылатын болады» деді.
Тегтер