Израиль палестиналықтардың баспаналарын қирату саясатын жалғастыруда
(last modified Tue, 08 Nov 2016 14:21:56 GMT )
Қар 08, 2016 20:21 Asia/Almaty
  • Израиль палестиналықтардың баспаналарын қирату саясатын жалғастыруда

Сионист әскерилер жаулап алынған Құдстағы Вад әл-Джуз аймағына шабуыл жасап, бір палестиналықтың салып жатқан үйін рұқсаты жоқ деген сылтаумен бульдозермен қиратты.

Сионистік режим жуықта Иордан өзенінің батыс жағалауының қиырдағы аймақтарында Еуропа Одағының  қолдауымен салынған үйлер мен мектептерді қиратуын күшейтіп, осы үйлер мен ғимараттар заңсыз және рұқсатсыз салынған деген уәж айтып отыр. Сионистік режим палестиналықтардың баспаналарын қирату арқылы Палестинаның демографиясын сионистердің пайдасына өзгертуді мақсат етіп отыр.